4.02.2026, 12:45
Оқылды: 15

Батыс Қазақстан облысының әскери қызметшілері соғыс ардагері Иван Гапичті 103 жасқа толған туған күнімен құттықтады

Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық қаһарманы Иван Степанович Гапичті 103 жасқа толған туған күнімен құттықтап барды. Әскери қызметшілер қарт майдангерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың құттықтау жеткізді, - деп жазады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.

_gluster_2026_2_4_de4e576e60ecf7be8d0cf335f9e022eb_1280x720

1923 жылы 2 ақпанда Ақмолада дүниеге келген Иван Степанович соғыстың алғашқы күндерінде өз еркімен майданға аттанды. Ташкентте оқуын аяқтаған соң Батыс майдан штабының байланысын қамтамасыз ететін радиотелеграфист қызметін атқарды. Содан кейін диверсиялық бөлімшелер құрамында жау тылында жауынгерлік тапсырмаларды орындады.

Ол Вязьма, Смоленск, Орша және Шығыс Еуропадағы ауыр ұрыстарға қатысып, контузия алса да қайтадан сапқа оралды. Жеңісті Шығыс Пруссияда қарсы алып, 1945 жылы 24 маусымда 1-ші Балтық майданы біріккен полкінің құрамында Қызыл Алаңдағы Жеңіс шеруіне қатысты.

Соғыстан кейін Иван Степанович өз ғұмырын мемлекет қызметіне арнады. Көп жылдар бойы Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарында қызмет етті. Қартайған шағында да соғыс жылдарындағы естеліктері жадынан өшкен емес. 2010 жылы Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысты.

2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Иван Степанович Гапичке Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Халық қаһарманы атағы берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале