4.02.2026, 17:20
Оқылды: 14

Жаңақалада Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің төрағалығымен актив жиналысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізіліп жатқан өзгерістерді талқылау мәселесі қаралды.
image-04-02-26-05-03
Жиында алғашқы болып сөз алған еңбек ардагері, ақын Закария Сисенғали заман талабына сай Конституцияны жаңарту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, қоғам дамуына сай заңнамалық өзгерістер ел болашағы үшін маңызды. Келесі кезекте «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлбану Дағарова партия атынан ұсынылып отырған конституциялық өзгерістерді толық қолдайтынын жеткізді.
Жастар атынан сөз сөйлеген Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Айымбек Батырғалиев білім мен ғылымды ұштастыратын жаңа Конституция білім беру саласына тың серпін беретініне тоқталды.
image-04-02-26-05-03-1
Сондай-ақ аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Надежда Тасмағамбетова өзгерістердің құқықтық негізіне кеңінен тоқталып, цифрландыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері алдағы уақытта басты назарда болатынын айтты.
Жиынды аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев қорытындылап, ұсынылған өзгерістер ел дамуына бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале