Казталов аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен ауданда бейнебақылау камераларын орнату мәселесі жөнінде жиын өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай аудан көлемінде тиісті іс-шаралар жоспары жасақталып, бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Солардың бірі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауданда бейнебақылау камераларын орнату.
Жиын барысында «Элайтс» ЖШС-нің техникалық директоры Александр Молчанов пен қаржылық директоры Алексей Карнишкин «SuncarSmartCity» технологиясы туралы баяндап, жобаның мүмкіндіктері мен жоспарларымен таныстырды.
Аудан әкімі бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, мәселені жан-жақты пысықтап, нақты шешім қабылдау қажеттігін айтты.
— Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі – басты назарда. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ауданда бейнебақылау камераларын орнату мәселесін жан-жақты қарастырып, тиісті шешім қабылдауымыз қажет, — деді аудан әкімі.
zhaikpress.kz