7.02.2026, 21:54
Оқылды: 66

Қазақстан командасы үздің ондықтың қатарына енді

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады. 48 мемлекеттің 109 арнайы жасақ командалары ішінен топ жарған еліміздің төрт командасы да үздік ондық құрамында.

bd14eeee-c356-44aa-976e-e5a824f6383a
Kazakhstan C командасы турнир кестесінде бірінші тұр. Екінші орында - Kazakhstan D. Kazakhstan В турнир кестесінде төртінші орында тұр. Kazakhstan А оныншы орында.
Еліміздің Tomiris қыздар командасы жалпы есепте 20-орында, бұл әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш.
Командалар құрамында бір ту астына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері біріккен.
Бес күндік сайыстан тұратын турнир 11 ақпанда аяқталады.
Командаларымызға қалған кезеңдерден де сәтті өтіп, жеңіспен оралуды тілейміз.
Алға, Қазақстан!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале