11.02.2026, 12:45
Оқылды: 109

ҚР Конституциясы – ортақ құндылықтарымыздың айнасы

Қазақстан Республикасының Конституциялық реформалар жөніндегі комиссиясы еліміздің жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл – мемлекетіміздің болашағын айқындайтын, тарихи маңызы зор құжат.

image-10-02-26-05-00

Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесінде халқымыздың тарихи тамыры, ұлттық құндылықтары мен мемлекеттілік сабақтастығы айқын көрініс тапқан. Онда еліміздің біртұтастығы, аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтау – басты қағидат ретінде бекітілген. Кіріспеде «Әділетті Қазақстан» идеясына негізделіп, заң мен тәртіптің үстемдігін, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын айқындайды. Бұл – әділ басқару мен қоғамдағы сенімді нығайтудың берік іргетасы.

Сондай-ақ қоғамдық келісім, бейбітшілік, білім мен ғылымды дамыту, табиғатқа жауапкершілікпен қарау секілді құндылықтар болашаққа бағытталған ортақ мақсаттарды көрсетеді. Жаңартылған кіріспе – кемелденген мемлекет пен жауапты қоғамның айқын көрінісі.Жаңа Конституция жобасы әділетті әрі құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік іргетасы

Сонымен қатар Конституцияда неке ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы ретінде айқындалып, дәстүрлі құндылықтарды қорғау мен әйелдердің құқықтарын нығайтуға басымдық берілді.

Жалпы, Конституцияның жаңа редакциясының алғашқы жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бапты бекіту ұсынылып отыр.

Ең бастысы – түпкілікті шешімді еліміздің азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайды.

 

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале