11.02.2026, 16:30
Оқылды: 72

Елімізде 350 мыңға жуық педагог жасанды интеллект бойынша тегін курстан өтті

 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Оқу үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді пайдалануға арналған тегін онлайн курсқа қатысушылар саны бүгінде 350 мыңға жуықтады. Бағдарламаға педагогтермен қатар еліміздің барлық өңірінен өзге азаматтар да қатысуда.

_gluster_2026_2_11_4f71bdeae58d388d09e68660dac3cb76_1280x720

Халықаралық тәжірибеге негізделіп, ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктері ескеріліп әзірленген курс мұғалімдердің заманауи цифрлық құралдарды орынды қолдану дағдыларын қалыптастыруға және оқыту сапасын арттыруға бағытталған. Оқу барысында қатысушылар жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану, оқу материалдары мен тест тапсырмаларын әзірлеу, иллюстрациялар жасау және сабақ жоспарын жетілдіру тәсілдерін меңгереді.

Тегін онлайн курс «Өрлеу» MOOC платформасында барлық азаматтар үшін қолжетімді. Қатысушылар оқу материалдарын өздеріне ыңғайлы уақытта меңгеріп, курсты аяқтағаны туралы куәлік ала алады. Курсқа қатысу үшін reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркелу қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале