
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Шыңғырлау ауданында «AMANAT» партиясының «Кітап–AMANAT» партиялық жобасы аясында «BOOK TIME» оқырмандар клубының алғашқы отырысы өтті.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Айбек Исламбек, аудандық мәслихат депутаттары, клуб мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Айта кетейік, бүгінде Шыңғырлау ауданында «BOOK TIME» оқырмандар клубында 21 мекеме бойынша 100-ге жуық мүше бар.
Кездесу барысында білім, мемлекеттік қызмет, әлеуметтік және мәдениет саласының қызметкерлері өздері оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, кітаптың адам өміріндегі орны мен рухани дамудағы маңызы жөнінде пікір алмасты.Жоба аясындағы кездесулер жыл бойы жалғасып, жыл соңында қорытындыланатын болады.
Шара танымдық "Quiz" ойынымен жалғасты. Білім саласы қызметкерлерінің «Білім» командасы, мемлекеттік қызметкерлердің «Абай» және әлеуметтік сала қызметкерлерінің «Аманат» , мәдениет саласының «Мәдениет» командалары өз білімдері мен біліктерін қолдана отырып, "кім мықтыны" анықтады.
Ұпай санына сәйкес үздік нәтиже көрсеткен командаларды «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев марапаттады. Белсенділік танытқан барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Нұрғали Төлегенов,
Шыңғырлау ауданы