18.02.2026, 17:30
Оқылды: 6

ОТТАН ШЫҚҚАН МАЙДАНОВ

Аудандық балалар кітапханасында Отан алдындағы борышын адал атқарған азаматтардың бірі, ержүрек жауынгер, жерлесіміз Қайырболат (Николай) Майдановтың туғанына 70 жыл толуына орай «ОТТАН АМАН ОРАЛҒАН!» тақырыбында патриоттық кеш өтті.

Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 7 б сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.Нұржігітқызы, кеш қонақтары Ауған соғысының ардагері, жауынгер - интернационалист М.Айдарханов қатысты.

Ерлік пен батылдықтың үлгісі болған саналы ғұмырын әскери салаға арнаған Қ.Майданов әскери ұшқыш, полковник, Кеңес Одағының батыры,Ресей федерациясының батыры атағын алған,ерлігімен танылған тұлға жайында өмір жолы,Ауған соғысы кезіндегі ерлігі мен жауынгерлік борышты адал атқаруы туралы мағлұмат айтылды. Ол Ауған отынан аман шықса да, кейін екінші Шешен соғысында оққа ұшты. Бірақ жан дәрмені үзіліп бара жатса да, ол тікұшақтың тізгінін босатпаған. 

IMG_8694

Ердің ерлігі жайлы Ауған соғысының ардагері М.Айдарханов, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры А.Уалиахметова сөз сөйледі. 

Оқырман балалар Е.Мақсот «Парыз бізге құрметтеу», Н.Серік «Отанын сүйген өрендер»,Ә.Қожаберген «Соғысты ауған жерінде» патриоттық өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ержүрек жауынгер Қ.Майдановқа арналған деректі материалдар мен басылымнан тұратын «Ауғанның отты жылдары» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, батырдың тарихқа толы өмірі оқуға ұсынылды. Шара жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке және тарихи тұлғаларды құрметтеуге шақырды. Ерлік - елге мұра, ұрпаққа өнеге. Бүгінгі бейбіт өміріміз -батырлардың батылдығының арқасы.

 

А. АЛҒАЛИЕВА, 

М.Есламғалиұлы атындағы аудандық ОКЖ Аудандық балалар 

кітапханасының кітапханашысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале