19.02.2026, 10:15
Оқылды: 53

ІІМ "Алкогольсіз аула" профилактикалық іс-шарасын өткізеді

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ел аумағында 19-21 ақпан аралығында "Алкогольсіз аула" профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жазды. 
_gluster_2025_8_18_b2f7ce73daa441748153e8f16f4b1583_1280x720

Фото: gov.kz

Іс-шараның негізгі мақсаты - құқықтық тәртіпті нығайту, мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу.

- Профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде полиция қызметкерлері келесі шараларды жүзеге асырады: әкімшілік учаскелерді аралау, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ІІО-да есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру. Профилактикалық іс-шараны өткізуге волонтерлер, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері тартылады.

Құрметті азаматтар, ІІМ сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Құқық бұзушылықтардың кез келген фактілері туралы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ерлан Санатов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале