19.02.2026, 11:15
Оқылды: 18

Сырым ауданы: Қызылағаш ауылына интернет жетсе игі

Кеше Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Ержан Жонисов ел алдында есептік кездесуін өткізді. 

PHOTO-2026-02-17-09-53-52 (1)

Аралтөбе округіндегі негізгі мәселелер Қызылағаш ауылына қатысты.

Жыр болып жүрген Қызылағаш спорт алаңын теңгерімге алу мен жабынын төсеу шаруалары былтыр шешіліпті.  Алаң «Қайсар» спорт клубының меншігіне өткен,  жасыл жабын төселген.

Жергілікті бюджеттің есебінен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қызылағаш ауылына жаңа хоккей қорапшасы салынды.

PHOTO-2026-02-17-09-53-53 (2)

Қазақстан жасанды интелект дәуіріне өтуде, ал Сырым ауданындағы Қызылағаш ауылы әлі күнге мобильді байланыстың игілігін көре алмай отыр. Ауылдағы “КарТел” мұнарасы қашан іске қосылады?! Халықтың сұрайтыны сол.

Аралтөбе ауылындағы игі жаңалық - Шідерті өзені арқылы өтетін көпір жаңартылып, пайдалануға берілді. Енді Жымпиты - Ақсай жолының құрылысы толықтай аяқталса, халық Жаңа Қазақстанның самалын сезер еді.

Ержан Жонисов округі бойынша негізгі мәселелерді де атап өтті. Ол - Аралтөбеге әлеуметтік нысандар салу. Атап айтсақ, ауылға фельдшерлік-акушерлік пункт пен кең спорт кешені қажет.

PHOTO-2026-02-17-09-53-53 (3)

Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, Сырым ауданы мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиева қатысты.

Аудан әкімі кездесуден кейін халықты жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

Қоңдыкер Елеуов, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале