19.02.2026, 16:45
Оқылды: 9

Вице-премьер мұнай-газ құбырлары өндірісінің әлеуетімен танысты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «QazExpoCentre-Pipe» ЖШС-да болды. Халықаралық стандартталған жіксіз болат корпустық және сорғы-компрессорлық, қаптама және жіксіз құбырлар дайындайтын кәсіпорында 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Зауыттың өнімдері мұнай-газ саласына бағытталған. Жылдық қуаты 41 мың тонна.

WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.01.45

Нарықта 20 жылға жуық тәжірибесі бар іргелі кәсіпорынның дайын өнімдері өзге өңірлерді айтпағанда алыс-жақын шет мемлекеттердегі жетекші кен игеру және сервистік компанияларға жеткізіледі.

WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.01.45 (1)

Серіктестіктің атқарушы директоры Александр Безруковтың айтуынша өндіріс толық автоматтандырылған. Ол цифрландыру үдерісі, герметикалық және технологиялық тиімділікті арттыру бойынша жоба-жоспарды таныстырды.

WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.01.45 (2)

Үкімет басшысының орынбасары зауыттың жұмысын оң бағалап, алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтудың маңызын атап өтті.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале