ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірде үш жыл бұрын ашылған «Packaging Systems» ЖШС-да болып, өндіріс орнының қызметімен танысты.

Мұнда дәнді-дақыл, минералды тыңайтқыш, цемент, тұз салуға арналған арнайы жұмсақ қапшықтар тігіледі. Зауытта жыл сайын 5 миллионнан астам биг-бэг дайындалады. Инвестор жобаны жүзеге асыру үшін 1,3 млрд теңге жеке қаражатын жұмсады.

Кәсіпорында 110 адам еңбек етеді. Зауыт басшылығы әлеуметтік әріптестік аясында мүгедектігі бар тұрғындарды да жұмыспен қамтып отыр. Вице-премьерге биг-бэг өндірісінің технологиясы және түйіршіктерден полипропилен матасын өндіретін жаңа құрылғылар таныстырылды.

