20.02.2026, 11:30
Оқылды: 58

Оралда «ORAL WINTER FEST 2026» қысқы фестивалі басталды

Бүгін Оралда алғашқы рет ұйымдастырылған «ORAL WINTER FEST 2026» қысқы спорт фестивалі басталды.

WhatsApp Image 2026-02-20 at 12.19.45 (1)

Таңғы уақыттан бастап алғашқы жарыстар өтіп, қала тұрғындары мен қонақтары қысқы мерекенің қызығына куә болуда. Фестивальдің ресми ашылу салтанаты бүгін сағат 12:00-де өтеді.

Екі күнге жоспарланған ауқымды шара қысқы спортты насихаттаумен қатар, ұлттық дәстүр мен заманауи ойын-сауықты ұштастыратын бірегей алаңға айналмақ.

WhatsApp Image 2026-02-20 at 12.19.45

Алаңда құсбегіліктен Қазақстан Республикасының чемпионаты, тазы жарысы, дәстүрлі садақ ату мен жамбы ату, шаңғымен нысана көздеу сайыстары өтеді.

Сонымен қатар мұз үстіндегі автодрифт, керлинг және шанамен сырғанау жарыстары да көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырары сөзсіз.

Шара тек спорттық бәсекелермен шектелмейді. Келушілер үшін мұз айдынында коньки тебу, биіктен сырғанау, атқа міну және түрлі шаналармен серуендеу сияқты белсенді демалыс түрлері ұйымдастырылған. Бұл фестивальді отбасы, бала және достармен бірге тамашалауға толық мүмкіндік бар.

WhatsApp Image 2026-02-20 at 12.19.441

Қысқы маусымның ең жарқын оқиғаларының біріне айналуы мүмкін бұл фестиваль алдағы уақытта дәстүрлі шараға айналады деген жоспар бар. Ал бүгінгі алғашқы күннің өзінде алаңда мерекелік көңіл-күй орнап, қатысушылар мен көрермендер қыстың шынайы қызығын сезініп жатыр.

Бекзат Қанәділ
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале