20.02.2026, 15:15
Оқылды: 59

Мәдениет саласы Ата заңды зерделеді

Бүгін қаламыздағы Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында конституциялық реформаларды түсіндіруге бағытталған кезекті жиын өтті. Басқосуға мәдениет саласының қызметкерлері, атап айтқанда концерттік ұжымдар, театрлар, халық шығармашылығы орталығы, камералық оркестр ұжымы, музей қызметкерлері қатысты.

WhatsApp Image 2026-02-20 at 14.04.53

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов модератор болған іс-шарада жаңа конституция туралы толық ақпарат берілді. «Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Серік Сүлеймен барша қазақстандықты жаңа конституциямен танысуға үндедбарша қазақстандықты ел өміріндегі маңызды кезеңде жаңа Конституция жобасымен мұқият танысуға шақырды. Оның айтуынша, қасиетті Рамазан айында Ата заңды қабылдау – терең рухани әрі тарихи мәні бар қадам. Бұл ай жаңару мен тазалықтың нышаны болса, Конституция – мемлекеттің құқықтық жаңғыруының темірқазығы.
– Жаңа құжаттағы басты бастамалардың бірі – бір палаталы Парламент құру мәселесі. Біз сияқты біртұтас мемлекет үшін заң шығару жүйесінің ықшам әрі тиімді болғаны маңызды. Көптеген өркениетті елдерде осы модель сәтті жұмыс істеп келеді. Бүгінгі өзгерістер – уақыт талабы. Конституцияның 75 бабына түзету енгізу ұсынылып отыр, яғни негізгі заңның шамамен 84 пайызы жаңарады. Бұл – ауқымды әрі мазмұнды реформалар. Ең үлкен өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты. Бұрынғы Конституцияның басым бағыты мемлекеттілікті нығайтуға арналса, ендігі кезекте адам құқығы мен азамат мүддесін қорғау алдыңғы қатарға шығады. Бұл – құқықтық мемлекеттің дамуындағы заңды қадам, – деді ол.
Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева мәдениетті мемлекет дамуының негізгі стратегиялық тірегі ретінде айқындады. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның Преамбуласы тарихи сабақтастықты сақтай отырып, ұлттық тарихи сананы жаңғыртуды басты басымдық ретінде бекіткен.

WhatsApp Image 2026-02-20 at 14.04.52
– Мәдениет саласы – орасан зор әлеуетке ие. Дәл осы мәдениеттің арқасында талай құндылығымыз ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлттық болмысымызды жоғалтпай келеміз. Мәдениет – ұлттың төлқұжаты іспетті. Ол арқылы біз өзімізді әлемге танытамыз, рухани деңгейімізді көрсетеміз. Жаһандану үдерісі күшейген кезеңде ұлттық кодты сақтау айрықша маңызды. Өзге елдің озығын үйрену қажет болғанымен, рухани тамырдан ажырап қалуға жол беруге болмайды. Біз ұлттық құндылықтарымызды, тектілігімізді, салт-дәстүрімізді сақтауға тиіспіз. Себебі мәдениеті мығым елдің іргесі де берік. Рухани тұтастық бар жерде қоғамдық келісім де, тұрақтылық та сақталады, – деп түйіндеді басқарма басшысының орынбасары.
Кездесу түйінінде спикерлер қойылған сұрақтарды егжей-тегжейлі тарқатып, қатысушылармен ашық әрі іскер форматта пікір алмасты.

Ерке Мереке,
Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале