23.02.2026, 21:00
Оқылды: 25

Референдум – халық таңдауы

Жыл басында «AMANAT», «Ақжол», Ауыл», «Қазақстан халқы» және «Республика» партияларынан коалиция құрылған болатын. 16 ақпанда алғашқы отырысы өткен коалиция құрамында Жаңақала ауданы бойынша 26 азамат бар. Мақсаты – 15 наурыз күні өтетін референдумға байланысты ауылдық округ пен елді мекендерді аралап, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу. 

image-23-02-26-03-51-2
Осыған орай кезекті іс сапар Пятимар ауылында жалғасты. Оған Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын, аудандық коалиция жетекшісі Закария Сисенғали, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Руслан Уразалиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, коалиция мүшесі Гүлбану Дағарова, ауыл әкімі Бауыржан Рамазанов пен ауыл тұрғындары қатысты.

image-23-02-26-03-51-1

Жиын барысында жаңа Конституцияның маңызы, енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны кеңінен түсіндірілді. Спикерлер Ата заңның ел дамуы мен тұрақтылығын нығайтудағы рөліне тоқталып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ой бөлісті. Закария Жүсіпқалиұлының айтуынша, 1995 жылы қабылданған Конституцияның 84 пайызы өзгертіліп, жаңа құжатта барлық сала қамтылған.
Басқосу соңында қатысушылар пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұраққа жауап алды.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале