25.02.2026, 9:00
Оқылды: 125

Казталовта сағынышқа толы сазды кеш өтті

Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Сағындырған әндер-ай» атты мазмұнды әрі әсерлі музыкалық кеш өтті. Бұл кеш – қазақтың алтын қорына енген, талай буынның жүрегінде жатталған әндерді жаңғыртып, көрерменге ерекше рухани дем сыйлаған тағылымды шара болды.

image-24-02-26-11-11-2

Кеш шымылдығы көрерменді бірден өткен дәуірдің әсем әуеніне жетелеген таныс саздармен ашылды. Сахна төрінде қазақ музыка өнерінің дара тұлғалары – Ескендір Хасанғалиев, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев сынды саңлақтардың халық жадында сақталған шоқтығы биік туындылары орындалды. Әрбір ән сахнадан шырқалған сәтте көрермен көңілі толқып, жүректер сағыныш сезіміне бөленді.

image-24-02-26-11-11-9

Әсіресе, махаббат пен өмір, туған жер мен адамгершілік тақырыбын арқау еткен әндер кештің мазмұнын тереңдете түсті. Әншілердің орындау шеберлігі, сахналық мәдениеті мен жанды дауыстағы тазалығы кештің көркін аша түсті. Көрермен әрбір композицияны ерекше ықыласпен тыңдап, кей сәтте қосыла ән шырқап отырды.

Кештің тағы бір айрықша тұсы – арнайы қаладан келген қонақ әншілердің өнер көрсетуі болды. Олар да қазақ эстрадасының алтын дәуіріндегі әндерді жаңаша нақышта орындап, кештің шырайын кіргізді. Қонақтардың өнері көрермен тарапынан зор қошеметке ие болды.

image-24-02-26-11-11-7

Сонымен қатар, кеш барысында алдын ала жазылып алынған ауыл тұрғындарының сұхбаттары көрсетілді. Онда ауыл ақсақалдары мен өнерсүйер жандар өткен жылдардың ән кештерін сағынышпен еске алып, сол дәуірдің әндерінің тәрбиелік мәні мен рухани әсері туралы ой бөлісті.

image-24-02-26-11-11-10

Музыкалық кештің атмосферасы ерекше жылылық пен шынайылыққа толы болды. Залға жиналған көрермендердің жүзінен ризашылық пен қуаныш сезімі анық байқалды. Кеш соңында жиналған қауым орындарынан тік тұрып, өнер иелеріне ұзақ қол соғып, құрмет көрсетті. Бұл – сахнадағы өнерпаздарға деген шынайы алғыс пен жоғары бағаның белгісі еді.

image-24-02-26-11-11-18

«Сағындырған әндер-ай» кеші – тек концерт қана емес, ұлттық өнерге тағзым, өткенге құрмет, жүректерді жақындатқан рухани кездесу болды. Мұндай кештер жас ұрпақтың ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдени құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосары сөзсіз.

Ернәсіл Рысқалиев

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале