25.02.2026, 12:30
Оқылды: 58

БҚО әкімі әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысын тексерді

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарында Жәнібек ауданындағы әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар үшін салынған тұрғын үйлердің де  жай-күйімен танысты.

WhatsApp Image 2026-02-25 at 12.56.20

Өңір басшысы құрылыс сапасына назар аударып, халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. 2025 жылы Жәнібек ауданында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Өткен жылдың өзінде аудан бойынша барлығы 33 пәтер салынған болатын.

WhatsApp Image 2026-02-25 at 12.56.20 (1)

Соның ішінде аудан орталығында 2 пәтерлік 19 тұрғын үй салынды. Құрылыс жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Дайын пәтерлер «Отбасы банк» акционерлік қоғамы арқылы кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға беріледі.

WhatsApp Image 2026-02-25 at 12.56.21

 

Бану Берікқали,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале