26.02.2026, 0:00
Оқылды: 47

Энтеробиоз – себептері, белгілері және алдын алу жолдары

2025 жылы облысымызда энтеробиоз жұқпасының 262 жағдайы тіркелді, (2024 жыл – 210), олардың ішінде балалар арасындағы үлес салмағы 97,3% (2024 жылы – 98,5%). Облыстық сырқаттанушылық көрсеткіші 24,5%-ға өсіп, 100 мың тұрғынға шаққанда 37,6 құрады (2024 жылы-30,19).

Contagious Disease Transmission and infectious diseases spread as a hygiene concept with hands full of germ virus and bacteria spreading in public as an exposure concept as infected people with 3D illustration elements.

Фото: iStock 

Энтеробиоз – ішек құрттарының бірі Enterobius vermicularis (үшкір құрт, острица) арқылы туындайтын паразиттік ауру. Бұл ауру көбінесе балалар арасында кездеседі және тез жұғады.

Аурудың қоздырғышы – ұсақ ақ түсті дөңгелек құрт. Ұзындығы шамамен 5–10 мм. Олар негізінен тоқ ішекте өмір сүреді.

Аналық құрт түнгі уақытта анус аймағына шығып, жұмыртқа салады. Сол кезде қатты қышыну пайда болады.

Энтеробиоз «лас қол ауруы» деп те аталады.

Қолды жумай тамақ ішу

Тырнақ астында қалған жұмыртқалар

Ластанған ойыншықтар мен тұрмыстық заттар

Ортақ төсек-орын, киім

Балабақша, мектеп сияқты ұжымдық орта

Жұмыртқалар ауыз арқылы ағзаға түсіп, ішекте дамиды.

Негізгі белгілері: Түнде артқы өтіс аймағының қышынуы, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, ашушаңдық, іштің ауыруы, тәбеттің төмендеуі.

Қыз балаларда кейде жыныс жолдарының қабынуы байқалуы мүмкін.

Алдын алу шаралары: Қолды сабынмен жиі жуу, тырнақты қысқа алып жүру, таңертең және кешке жуыну, іш киімді күнделікті ауыстыру, балаларға жеке гигиенаны үйрету, үйді ылғалды тазалау.

Энтеробиоз – кең таралған, бірақ дұрыс емделсе толық жазылатын паразиттік ауру. Гигиена ережелерін сақтауоның алдын алудың ең тиімді жолы.

Лаура Кенжегалиева

БҚО СЭБД инфекциялық және паразиттікжұқпалы аурулардың эпидемиологиялықбақылау бөлімінің бас маманы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале