26.02.2026, 10:30
Оқылды: 68

Жәнібек ауданында тері өңдейтін зауыт іске қосылды

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында «EcoClub» ЖШС-ның өндірістік нысаны іске қосылды. Оның ашылу рәсіміне аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жаңа зауытта ірі қара мен жылқы терісінен жоғары ақуызды, сапалы протеинді жемдік қоспа өндіріледі. Бұл бастама өңірлік агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, мал шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға, сондай-ақ импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Серіктестік басшысы Бауыржан Сабанов тың жобаны жүзеге асыру үшін «Ақжайық» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеңілдетілген несие алған.

WhatsApp Image 2026-02-26 at 11.00.31

Жобаның жалпы құны 630 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын толық қуатына көшкенде айына 200 тоннаға дейін дайын өнім өндіре алады. Өндіріске қолданылатын заманауи жабдықтар Солтүстік Қазақстан облысынан жеткізілген. Олар технологиялық тиімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, өнім сапасының жоғары болуына жол ашады. Өндірісті автоматтандыру еңбек өнімділігін арттыруға және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-02-26 at 11.00.29 (1)

Аймақ басшысы былтыр облыстың өңдеу өнер­кәсібінде өнім көлемі 112,2 пайызға ұлғайып, 379,7 млрд теңгені құ­рағанын атап өтті.

WhatsApp Image 2026-02-26 at 11.00.29

- Бұл көрсеткіш – жай ғана статистика емес, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер ететін маңызды фактор. Біріншіден, өндіріс көлемінің ұлғаюы салық түсімдерін арттырады. Екіншіден, тұрақты жұмыс орындары көбейеді. Үшіншіден, экономикалық өсім ауылдарды инфрақұрылыммен қамтуға мүм­кіндік береді. Жаңа кәсіпорын осы сенім үдесінен шығады деп ойлаймыз. Зауыт ұжымына өндірістік өсу, толайым табыс тілеймін, - деді Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2026-02-26 at 11.00.28 (1)

Айта кетейік, былтыр ирандық инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Оралда үш жылдан бері жұмысы тұралап қалған тері өңдеу зауыты қайта іске қосылды. Жергілікті атқарушы орган бизнес-қауымдастықпен бірлесе отырып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2026-02-26 at 11.00.28 WhatsApp Image 2026-02-26 at 11.00.26 (2) WhatsApp Image 2026-02-26 at 11.00.26 (1) WhatsApp Image 2026-02-26 at 11.00.26 WhatsApp Image 2026-02-26 at 11.00.25

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале