“Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін” жалпыұлттық коолициясының мүшелері бүгін жымпитылықтармен жүздесті. Кездесуді Сырым аудандық мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиева жүргізді.

Мемлекеттiк кеңесші Ерлан Қариннің Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның жетінші отырысында сөйлеген сөзінде Ата заң декларация емес, мемлекеттік құндылық ретінде бекітілмек екенін айтқан.
Айта кетейік, жалпыұлттық коалиция 5 саяси партия мен 300 - ге тарта қоғамдық ұйымды біріктіреді. Негізгі мақсат - елдегі конституциялық реформаларды қолдау, Ата Заңның мазмұнын халық мүддесіне жақындату және азаматтардың саяси үдеріске қатысу белсенділігін арттыру.

Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, мемлекетті қызмет саласының ардагері, Сырым ауданының Құрметті азаматы Баянбек Ғұмаров аға буынды саяси үдерісті қолдаушылардың басы болуға шақырды. «Ляззат» жеке кәсіпкерлігінің директоры, қалалық маслихаттың депутаты Нұргүл Ашықова Заңды талқылау бір - екі күнде жүзеге аспағанын, уақыт толқыны өзгерістерді өзі тудыратынын айтты.
- Жаңа Конституция бізге және біздің ұрпағымызға қызмет етсін! - деді коалиция мүшесі, «KazBatysService» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрлан Рақымжанов.

Конституциялық Реформаға қатысты ардагер ұстаз, “Шапағат” орденінің иегері Гүлбақша Ерғалиева, “Сырым лицейінің” тарих пәнінің мұғалімі Бекболат Нығметжан пікір білдірді. Бекболат жас мамандарға үкімет тарапынан қолдаулар пакеті ауқымды екенін айтты. Ал, жаңа Заң кітабы оқимын, еңбек етемін деген жастарға әлі де даңғыл жол ашатынына сенім мол. Сырымдық жастардың 15 наурызда өтетін республикалық референдумда белсенділік танытпақ.
Жиналысты Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов қорытындылады.
Бауыржан Ширмединұлы,
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы,