Үттің аспанында үміттің сәулесіндей болып жарқыған күннің шуақты кезін пайдаланып бүгін жымпитылықтар сенбілікке шықты.

Мекемелерде қызмет атқаратын тұрғындар көше - көшеге бөлініп, суағарлардың ауыздарын қалың қардан тазартты.
Ал, бірқатар азамат белден қар кешіп жүріп, С. Датұлы атындағы мәдени - демалыс саябағының алдымен өтетін арықты тазалады.
Мұның бәрі - су тасқынының алдын алу үшін.

Ал, көшелерді қардан тазарту ай бұрын басталып кетті. Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, бүгіннің өзінде Амангелді, Жамбыл, Мұхит, Әбілқайыр көшелерінен қар алынған.
Сапта 10 техника жүр. Ай басталғалы аудан орталығындағы көшелерден 21 мың текше метр қар шығарылды.
Жұмыстар Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовтың тікелей қадағалауында.

Бүгін Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімі “Көктем - 2026” оқу - жаттығу шарасын өткізді. Оған Сырым колледжінің студенттері мен ерікті тұрғындар қатысты.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы