28.02.2026, 16:30
Оқылды: 11

Аудан әкімі еңбек ұжымдарын Алғыс айту күнімен құттықтады

Бүгін аудан әкімі Асланбек Сарқұлов еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесіп, Алғыс айту күні мерекесіне орай құттықтауын жеткізді. Атап айтқанда, Жалпақтал және Казталов аудандық электр тораптары мен газ шаруашылығы қызметкерлері, мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын, «ТехСапаҚұрылыс» ЖШС, «ҚуанҚұрылыс» ЖШС, «Бекнұр» және «Айқын» жеке кәсіпкерліктері, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол ҰҚ» акционерлік қоғамының Жалпақтал филиалының ұжымдарымен жүздесті.

FB_IMG_1772215040824

Кездесу барысында аудан басшысы еңбек адамдарының қоғамдағы орны айрықша екенін атап өтті.

FB_IMG_1772215038015

— Сіздер ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген нағыз еңбек майталманысыздар. Табанды еңбек пен кәсіби біліктіліктің, жауапкершілік пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Ерен еңбектеріңіздің арқасында ауданымыз өркендеп, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Электр жарығының тұрақты берілуі, шаңырақтың жылуы, ауыз сумен қамту, жолдар мен ауыл көшелерінің тазалығы – сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесі. Еңбек – береке бастауы. Сіздердің маңдай терлеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз ауданымыздың тұрақты дамуының берік негізі болып табылады. Қоғамдағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына, жас ұрпаққа адал еңбектің қадірін ұғындыруға қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, — деді аудан әкімі.

FB_IMG_1772215026376

Аудан әкімі өз сөзінде Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызға ие екенін атап өтті. Бұл саяси қадам мемлекетімізді жаңғыртуға, әділетті қоғам құруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын жеткізді.

FB_IMG_1772215032246

Алғыс айту күніне орай Бақытжан Рамазанұлы, Оразай Хамидуллаұлы, Халимжан Габдрауфович, Ерлан Серікқалиұлы, Қабир Нариманұлы, Гүлбаршын Омарқызы, Рафик Мансұрұлы, Тұрар Бекболатұлы, Қарлыға Нұрланқызы, Руслан Садирович, Таймат Қайырбекұлы, Салтанат Темірешқызы, Арғын Мерекеұлы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

FB_IMG_1772215043381

Асылбек Нәсіпқали

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале