4.03.2026, 17:30
Оқылды: 10

Өлеңті өзенінің мұзы жарылды

Сырым ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Жымпиты ауылының іргесіндегі Өлеңті өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Өзеннің 5 нүктесінде жасалған жарылыс - мұз кептелісін болдырмай, судың еркін өтуі үшін жасалған қам.

PHOTO-2026-03-03-20-32-50

 

Сырым ауданының Төтенше жағдай бөлімінің бастығы, Азаматтық қорғау подполковнигі Ғабит Жасталаптың айтуынша, өзен мұзының 3000 шаршы метрі сөгілген. Арнасы тайыз болуына байланысты Бұлдырты өзенінің мұзы жарылмаған. Барлық жарылыс жұмыстары қауіпсіз орындалды. 

PHOTO-2026-03-03-20-32-50 (5)

Пиротехник мамандар қар еріп, өзен суы көтерілген уақытта ауданның басында кезекшілікте болады. 

 

Қоңдыкер Елеуов, 

Сырым ауданы

PHOTO-2026-03-03-20-32-50 (3) PHOTO-2026-03-03-20-32-49 (2) PHOTO-2026-03-03-20-32-50 (2) PHOTO-2026-03-03-20-32-50 (4) PHOTO-2026-03-03-20-32-49 (1) PHOTO-2026-03-03-20-32-50 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале