8.03.2026, 16:00
Оқылды: 18

Дарияндық Сабина Құлымбетова ел чемпионатының жүлдегері атанды

Жуырда Семейде 2008–2009 жылы туған жасөспірімдер арасында самбодан өткен ел чемпионатында дарияндық Сабина Құлымбетова (+80 келі) топ жарды.

image-08-03-26-12-55-1
Ел бойынша осы жас аралығындағы ең мықты жас самбошыларды анықтау, ұлттық құрамаға іріктеу мақсатында ұйымдастырылған дүбірлі додада біздің балуан қызымыздың өз салмақ дәрежесінде 9 спортшымен белдескен. Сөйтіп ол Түркістан, Қызылорда, Қарағанды секілді облыстардан келген спортшылардың бәрінен басым түскен. Өзінің айтуынша, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Дегенмен де бабы мен бағы қатар шауып, армандап жүрген межеге жетті.
– Он жылға жуық уақыттан бері Сабина қол астымда жаттығып келеді. Мінезі салмақты, қашан да тәртіп пен жауапкершілікті бірініш орынға қойып, мақсатына жету үшін аянбай еңбек ететін ол - біздің мақтанышымыз. Табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесінде әлі талай биік белестерді бағындырып, үлкен додаларда еліміздің намысын абыроймен қорғайды деп сенемін,-дейді аудандық БСЖМ жаттықтырушысы Наурызбек Сапиев.

photo-output
Айта кетейік, Сабина қазіргі таңда Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің 1-курс студенті болып табылады. Ол осы уақытқа дейін самбо және қазақ күресінен ел чемпионатының жүлдегері атанды. Сонымен қатар дзюдодан халықаралық турнирдің чемпионы, республикалық турнирлердің жеңімпазы да болып табылады.

Динара Сахинжанқызы
Дариян ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале