13.03.2026, 15:15
Оқылды: 34

Оралдық кәсіпкер Ұлттық ұлан офицерлеріне планшет сыйлады

Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының жаңа кезеңінде цифрландырудың маңызы артып келе жатқанын атап өткен болатын. Бүгінде бұл үдеріс әскери салада да кеңінен қолданыс табуда.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы бөлімдерінде сабақ өткізу жүйесі заманауи форматқа көшіп келеді. Бұрын сарбаздарға тактикалық және ақпараттық сабақтар қағаз конспектілер арқылы жүргізілсе, қазір бұл жұмыс электронды жүйе арқылы жүзеге асады. Ортақ портал арқылы офицерлердің планшеттеріне қажетті оқу материалдары мен конспектілер жіберіліп, сабақ өткізу процесі жеңілдетілген.

Осы бастаманы қолдаған оралдық кәсіпкер Дидар ұландықтарға көмегін көрсетуді жөн көрген. Ол бұрын Ұлттық ұлан қатарында қызмет атқарған. Бүгінде жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Әскердегі цифрландыру жұмысы туралы естіген кәсіпкер офицерлерге 10 планшет тарту етті.

IMG-20260313-WA0049

Кәсіпкердің айтуынша, бұл – өз кезінде қызмет еткен әскери құрылымға деген құрмет пен қолдаудың белгісі. Мұндай қолдау заманауи технологияларды енгізуге және әскери қызметшілердің оқу-жаттығу процесін тиімді ұйымдастыруға оң ықпал етпек.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале