
Бүгін таңертең елімізде өтіп жатқан референдум аясында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады. Таңғы сағат 07:00-де № 422 референдум учаскесі ресми түрде ашылып, іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Учаскеде жиналған байқаушылар,комиссия мүшелері және алғашқы дауыс берушілер Әнұран орындалған кезде орнынан тұрып, құрмет көрсетті.
Комиссия мүшелерінің айтуынша, дауыс беру процесі заң талаптарына толық сәйкес жүргізілуде. Учаскеде барлық қажетті жағдай жасалып, байқаушылар мен сайлаушылар үшін ашықтық қамтамасыз етілген.
Таңғы уақытта-ақ алғашқы тұрғындар келіп, өз таңдауларын жасауға кірісті. Олардың айтуынша, бұл маңызды саяси шараға қатысу — әрбір азаматтың азаматтық борышы.
Референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ел азаматтары келіп, өз дауыстарын бере алады.
"Жайық Пресс"