15.03.2026, 10:27
Оқылды: 21

Іште референдум, сыртта – жәрмеңке

Сырым ауданына қарасты Бұлан ауылдық округіндегі тұрғындар белсенді дауыс беру беруде.

9ae29fdd-3ccf-4ab6-8e07-e0b9ee5d6e03

Жарты сағат бұрын кезінде ауыл электромонтері болған, қазір де зейнет жасына жетсе де саптан шықпай, «Бұлан» шаруа қожалығында қызмет жасайтын еңбек ардагері Мәлік Тәжғалиев пен зайыбы Сания таңдауларын жасады.
Халық саулығы жолына саналы ғұмырын арнаған құрметті мамандық иесі Сания анамызға комиссия мүшелері сыйлық берді.

0c30ec4a-6cd4-46e0-9a4d-2756788cc9a2

Бұландағы N294 референдум учаскесінің алдында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды.
Бұл жерде халыққа қолайлы бағамен ет, сүт өнімдері сатылуда. Референдумға келушілер жолай сауда жасап, екі жұмысты бір сапарда тындырып жатыр.

Жәрмеңкеден түскен қаражат Аралтөбе ауылындағы тұрғын үйлері отқа оранған жанұяның шотына аударылмақ.

Айман Өтеғалиева
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале