Ерболат Таңатовтың отбасы Бөкей ордасы ауданы тұрғындарына жақсы танымал. Басшылық қызметте жасаған Ерболат ағамыз бүгінде қазына кеуде қария, ауылдың ғана емес, тұтас ауданның сыйлы қариясы. Тоян анамыз саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған, шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз.

Арпа ішіндегі бір бидайы Әсетінің де таңдауы осы ұстаздық қызмет. Жас та болса, білім ордасының тізгінін ұстап отырған басшы. Келіндері Айзада есеп-қисаптың маманы.
Үлгілі отбасы бүгінде отбасымен келіп, саяси науқанда да елге үлгі болды.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы