Зеленов ауданына қарасты Үлкен Шаған ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Майдан Жұбандықовтың «Земля целинная» кітабының тұсауы кесілді.
- Кітапта өткенді еске алып, болашаққа бағдар жасап, оқырманға аудан тынысы, ел үшін еңбек еткен адамдар жайында жеткізуді тырыстым. Қойнауы қалың қатпарлы тарихқа толы аудан шежіресін жастар білуі қажет,- деді автор.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Майдан Зайнолұлының «О людях хороших» атты еңбегі жарық көрген болатын.
Д.БЕРІШ
Зеленов ауданы