Республикалық референдум күні Орал қаласындағы Достық үйінде орналасқан №230 референдум учаскесінде тұрғындар үшін ерекше әрі көңілді шара ұйымдастырылды. Дауыс беруге балаларымен бірге келген ата-аналардың балалары үшін аквагрим бұрышы жұмыс істеді.

Шара барысында кішкентайлардың бетіне түрлі әсем суреттер - ертегі кейіпкерлері, гүлдер мен ұлттық ою-өрнектер бейнеленіп, балалардың көңілі көтерілді. Бұл бастама дауыс беруге келген отбасыларға жайлы атмосфера қалыптастырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар референдум күні учаскеге келген тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, балалардың уақытын қызықты өткізуіне мүмкіндік береді. Кішкентайлар аквагрим арқылы қуанып жатса, ата-аналар азаматтық парыздарын орындап, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, өңірдегі бірқатар референдум учаскелерінде концерттер, жәрмеңкелер және басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылып, дауыс беру күніне ерекше мерекелік сипат берілді.