13.03.2026, 21:04
Оқылды: 195

«Қоңырат» шаруа қожалығы – берекелі еңбек мекені

Казталов ауданына қарасты Сарықұдық ауылында орналасқан «Қоңырат» шаруа қожалығы 2015 жылы құрылып, алғашқыда 500 гектар жер алып өз жұмысын бастаған. Бүгінде бұл шаруашылық ауыл шаруашылығын дамытып, мал басын көбейтіп отырған берекелі қожалықтардың бірі.

image-13-03-26-08-18-6

2023 жылы қожалық қазақтың ақбас асыл тұқымды ірі қарасын алып, мал шаруашылығын дамытуға бет бұрды. Қазіргі таңда шаруашылықтағы ақбас малдың саны 200 бастан асып отыр.

image-13-03-26-08-18-3

Қожалық иесі Шаймерден Оразович Ибрагимов бұл істі отбасылық кәсіп ретінде дамытып келеді. Бүгінде шаруашылықта мал төлдету науқаны да қалыпты деңгейде өтуде. Малдың жем-шөбі жеткілікті дайындалып, төрт түліктің қыстан аман шығып, көктемгі төл алу жұмыстары сәтті жалғасып жатыр.

image-13-03-26-08-18-5

Сонымен қатар қожалықтың жұмысын жүргізуге қажетті 3 техникасы бар. Бұл техникалар мал азығын дайындау мен шаруашылық жұмыстарын уақытылы атқаруға мүмкіндік беріп отыр.

image-13-03-26-08-18-2

Еңбек пен бірліктің арқасында дамып келе жатқан «Қоңырат» шаруа қожалығы алдағы уақытта да мал басын көбейтіп, ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесін қоса бермек.

Ернәсіл Рысқалиев 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале