19.03.2026, 16:30
Оқылды: 15

Қаратөбеде «Цифрлық идеялар жәрмеңкесі» өтті

19 наурыз – Жаңару күніне орай Қаратөбеде «Цифрлық идеялар жәрмеңкесі» шарасы өтті.

IMG_0069

Бұл күні табиғат қайта түлеп, тіршілік оянады. «Жаңару күні» ел өміріндегі және әрбір қазақстандықтың өміріндегі жаңа кезеңінің басталуын сипаттайды. Бұл уақытта адам алдына жаңа мақсаттар қойып, жаңа жобалар бастап, өмірін жақсарту бағытында шешімдер қабылдауы керек.

IMG_0076

19 наурыз – Жаңару күніне орай Қаратөбе ауданында «Цифрлық идеялар жәрмеңкесі» атты ауқымды көрме ұйымдастырылды. Шара аудандық білім беру бөлімінің бастамасымен Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясының көрме залында өтті.

Көрменің басты мақсаты – оқушылар мен педагогтардың цифрлық технологиялар саласындағы шығармашылық және инновациялық жобаларын таныстыру, сондай-ақ жаңа технологияларды қолдану мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау.

Іс-шараға аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, аудан әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев қатысып, көрменің жұмысымен танысты. Қонақтар ұсынылған жобаларға жоғары баға беріп, жас өнертапқыштарға сәттілік тіледі.

IMG_0051

– Құметті мерекелік шараға қатысушылар сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі Жаңару күніне орай ұйымдастырылған цифрлық идеялар жәрмеңкесіне қош келдіңіздер. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай цифрландыру, жасанды интеллект бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Білім беру саласында тың бастамалардың жүзеге асуы құптарлық жайт. Бүгінгі көрме жұмысында баршаңызға сәттілік тілеймін, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

Шараға шақырылған қонақтар, ұстаздар мен білім алушылар қатысып, заманауи білім беру бағытындағы тың бастамалармен танысты. Көрменің ашылуында ұлттық әуендер шырқалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жәрмеңке барысында робототехника және дрон жобалары, цифрлық білім беру платформалары, IT және STEM бағытындағы инновациялық жұмыстар, сондай-ақ жасанды интеллект элементтері қолданылған жобалар көпшілік назарына ұсынылды. Әр жоба авторы өз жұмысын таныстырып, оның маңыздылығы мен қолдану аясын жан-жақты түсіндірді.

IMG_0097

Аталған көрме – жас ұрпақтың білім мен технологияға деген қызығушылығының айқын көрінісі. Бұл бастама оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, болашақта бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруға жол ашады.

Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға аудандық көрме жұмысында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін сертификат табыстап, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

 

Серікбай Жәлелұлы,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале