20.03.2026, 16:00
Оқылды: 17

«Тазша бала» Stand UP кеші

«Наурызнама» онкүндігі аясында облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Орал студенттер альянсы» корпоративтік қорының  ұйымдастыруымен креативті кеш өтті.

1d3b7ef9-ce7d-4337-b2a9-d6a5e8590444

Іс-шараның мақсаты – жастар арасындағы креативті кеңістікті қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды заманауи сипатта насихаттау. Сонымен қатар «Тазша бала» Stand UP кеші тапқырлық пен әзіл мәдениетін жаңа сипатта ұсынатын мәдени шығармашылық алаңға айналды.

Тазша бала – қазақ фольклорындағы тапқырлық пен даналықтың символына айналған кейіпкер. Әзіл кешіне облысымыздың және Ақтөбе, Атырау қалаларының Stand UP резиденттері қатысты. Сахна төріне шығып, көрермен қауымға заманауи әзіл мен ұлттық юмордың үйлесімін ұсынды.

3ffa2536-8440-4e87-8cf1-ee61aa7b72e8

Кеште қасиетті Рамазан айы, күні кеше елімізде өткен референдум жайы, ата-ана, балалық шақ, студенттік өмір тақырыбы туралы сөз болды. Көрермендермен кері байланыс жасап, әзіл алаңын одан сайын қыздыра түсті. Кеш соңында «Орал студенттер альянсы» корпоративтік қорының директоры Тасболат Серікқалиев сөз сөйледі. Әзіл әлемінің командасын жігерлендіру мақсатында облыстық қоғамдық даму басқармасы атынан 500 000 теңгелік сертификат табысталды.

 

Гүлфия Қолғанатова,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале