Бөкей ордасы ауданындық мешітінде «Шапағат нұры» деструктивті діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ораза айт мейрамына орай Бөкей ордасы жамағаты арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

Жиналған қауым арқан тартысып, бірліктерін, күш сынасып, білек күштерін, садақ атып, мергендіктерін сынға салды.

Білек күшімен қарсыласын жыққан, көз қырағылығымен нысанаға дөп тигізгендер сыйлықсыз қайтпады.


Ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев жарыс жеңімпаздарын арнайы марапаттап, алғысхаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы