Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің және «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері, Түркістан қаласы мен Отырар ауданының құрметті азаматы Бекарыс Шойбековтің 50 жас мерейтойына арналған «Айтыстың алтын айдары Бекарысы» атты «Наурыз» республикалық ақындар айтысы жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы Түркістан облысының әкімдігі жазды.
