26.03.2026, 16:30
Оқылды: 12

Қазақстандағы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік жүйесін дамыту туралы

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілік жүйесін дамыту жалғасуда. Бүгінгі таңда ел бойынша 2,3 мыңнан астам маман кәсіби біліктілікті ресми тану рәсімінен сәтті өтті. Еске сала кетейік, бұл тетік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан мамандықтың мәртебесін арттыру және көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында енгізілген, - деп жазады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

_gluster_2023_11_1_d6ea6ed9b85c7ce06df94ea86494a161_1280x720

Сурет: gov.kz

Елдегі әлеуметтік қызметкерлердің жалпы саны 12 235 адамды құрайды, оның ішінде 1 251 маман үкіметтік емес секторда жұмыс істейді.

Кадрларды даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін екі кәсіби стандарт бекітілді: «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саладағы өзге де мамандықтар» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандар». Бұдан бөлек, Skills.enbek.kz платформасында кейс-менеджмент пен инклюзивті тәсілдерді қоса алғанда, бейіндік білім беру модульдері орналастырылған. Бұл курстардан 11 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер өтіп, тиісті сертификаттарға ие болды.

Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құзыреттері деңгейі туралы мәліметтерді қамтитын Әлеуметтік қызметкерлер тізілімінің құрылуы – маңызды кезеңдердің бірі болды. Сонымен қатар, Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы базасында біліктілікті тану тетігі енгізілді, ол 2025 жылғы маусымнан бастап республика бойынша тұрақты негізде қолданылады. Бүгінгі күні 2 311 маман өз білімдері мен дағдыларын растады.

Біліктілікті тану сертификаты аттестаттаудан өту және біліктілік санатын беру кезінде негізгі құжатқа айналды. Бұл мамандардың кәсіби өсуіне және мамандық беделінің артуына ықпал етеді.

Жалпы алғанда, құзыреттерді бағалау және үздіксіз оқыту жүйесін енгізу кадрларды даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және халыққа көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале