30.03.2026, 9:30
Оқылды: 11

Шегіртке деген залал бар

Биыл Бәйтерек ауданында 62 700 мың гектар жерге ​үйірлі және үйірсіз шегірткелерге, аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмекші.

photo-output

Бұл туралы шегіртке тұқымдас зиянкестерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыру тақырыбында өткен аудандық штаб отырысында айтылды.
Аудан әкімінің орынбасары Лауаз Уәлиевтің төрағалығымен болған жиында ҚР АШМ АӨК МИК Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Бақтияр Гимединов баяндама жасады. Оның сөзіне қарағанда, 27 000 мың жерге үйірлі шегірткеге қарсы жүргізелетін химиялық өңдеу республикалық бюджет есебінен атқарылмақшы. Сондай-ақ үйірлі шегірткеге қарсы іс-шараларды газогенератор (17 000 мың.га), жер үсті қалақты бүріккіш техникаларымен (8000 мың.га) және агродронмен (2000 мың га) жүргізу жоспарлануда.

image-29-03-26-09-57-4
Облыстық бюджет есебінен саяқ шегірткелерге қарсы биылғы өңдеу көлемі - 35 700 мың га. Ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз қаражат есебінен 14 мың га жерге өңдеу жұмыстарын жоспарланып отыр.

photo-output
Отырыс барысында аудан аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарына қауіп төндіретін үйірлі және үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралар жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарының дайындығы талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімдеріне және тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, алдағы жұмыстардың бағыттары айқындалды.

Қуаныш Қали
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале