Үйірмені ашуға Базаршолан ауылындағы Ғ.Махамбетов атындағы орта мектебінің жас маманы Әли Ахатов мұрындық болды.
Үйірме жетекшісі алдымен оқушыларды тиісті ережемен егжей-тегжейлі таныстырды. Ұлттық ойынды насихаттауға бағытталған орталықта алғашқы жарыс та өтіп үлгерді.
Айта кетейік, бүгінде Ақжайық ауданындағы 4 орта мектепте «Асық ату» үйірмесі жұмыс жасайды.
Бекем БЕКҰЛЫ.
Ақжайық ауданы.
zhaikpress.kz