7.04.2026, 16:00
Оқылды: 149

Оқушылар сарайында драма үйірмесі «Сол бір кез…» комедиясының премьерасын көрермен назарына ұсынды

62f633c9-481e-483c-b4ad-48a2d78734e9

Кеше Орал қаласы білім беру бөлімінің Оқушылар сарайында «Мақашева» драма үйірмесі мен театры драматург Қанат Жүнісовтің «Сол бір кез…» атты комедиясының жарқын премьерасын көрермен назарына ұсынды. Жас көрермендерге арналған бұл қойылым мектеп өмірінің қызықты сәттерін, оқушылардың алғашқы арман-тілектерін шынайы әрі әсерлі түрде бейнеледі.
Қойылым барысында кейіпкерлердің аңғал әрекеттері, күтпеген жағдайлар мен күлкілі көріністер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, залды шаттыққа бөледі. Алғашқы сезімнің тазалығы, достық пен сыйластық, адалдық пен адамгершілік сияқты асыл құндылықтар қойылымның негізгі өзегіне айналып, көрермен жүрегіне жылу мен терең ой салды.
«Сол бір кез…» – мектеп өмірінің қызықты сәттерін бейнелейтін,, көңілді әрі әсерлі қойылым ретінде көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қойылымның сәтті шығуына сахнада өнер көрсеткен жас таланттардың еңбегі зор:
Мектеп директоры – Інжу Мусағали
Гүлназ – Диьназ Жанғали
Қайыржан – Елдар Ислямгалиев
Қанат – Наржан Рысқали
Айткүл – Айкөркем Сағынғали
Сайра – Асем Сарсенгалиева
Еділ – Досхан Қадер
Ержан – Нұрсәт Дәрмен
Катя – Айзада Хайыр
Жасболат – Жұмабек Исламбек
Нұржан – Ералы Қалық
Гауһар – Амина Наурызғали
Салтанат – Бегмай Берикова
Бастауыш сынып оқушысы – Айзере Құрметқали
Айбол – Ерсұлтан Қадырбек
Айгүл – Камила Сыздықова жақсы өнер көрсетті.
Қоюшы режиссері – ҚР мәдениет саласының үздігі Эльмира Жұмажанқызы
Қоюшы суретшісі – Диана Қаныбекқызы

9b520cfa-38f3-4d32-8687-4fd77e79514a

Жас өнерпаздар сахнада өз рөлдерін шынайы әрі нанымды сомдап, мектеп оқушыларының мінез-құлқын, арман-тілектерін және алғашқы сезімдерін әсерлі жеткізе білді. Олардың сахнадағы еркіндігі мен табиғилығы көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп, қойылымның көркемдік деңгейін арттыра түсті.
Премьера соңында Орал қаласы білім беру бөлімінің Оқушылар сарайы директоры Шолпан Серікқалиқызы шығармашылық ұжымға алғыс білдіріп соныменқатар, Орал қаласы білім беру басқармасы тілегін білдіріп , «Алғыс хатын» табыстады. Сонымен қатар, мұндай тәрбиелік мәні зор қойылымдардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы ерекше екенін атап өтті.
Премьераны Бәйтерек ауданы Янайкино ауылындағы Т. Бигелдинов атындағы орта мектебінің, Бауыржан Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беретін мектебінің және №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінің оқушылары тамашалап, қойылымнан ерекше әсер алды.
Жас көрермендерге шаттық сыйлаған «Сол бір кез…» қойылымы өнер арқылы тәрбиелеудің жарқын үлгісіне айналып, көрермен жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Сандуғаш Сәдуақасқызы,

өнер бөлімінің әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале