
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай аудан орталығында велошеру ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, орынбасарлары, жастар, еріктілер және түрлі мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, белсене қатысты.
Алдымен орталық алаңға жиналған қауым бойларын қыздырып, жаттығу жасады. Сосын велосипедке қонып, орталық көшеден Сайқынның соңғы жылдары бой түзеген жаңа ауданына дейін желмен жарысып, барып қайтты.

Велошеруге белсенді қатысқандар ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.
Анар Артықбай