9.04.2026, 9:00
Оқылды: 13

Казталов ауданы әкімдігінде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті

image-08-04-26-08-47
Казталов ауданы әкімінің орынбасары С.Қайрлиевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның І тоқсандық отырысы өтті.
Мәселе бойынша Казталов аудандық полиция бөлімі Казталов АПб ҚҚб бастығы полиция майоры Д.Байдуллин:
- «2026 жылдың алғашқы 3 айында Казталов ауданында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 1 қылмыстық теріс қылық тіркеліп, тараптардың татуласуына байланысты заң талаптарына сәйкес тоқтатылды (2025 ж. – 4). Сонымен қатар, 5 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2025 ж. – 3). Профилактика мақсатында 11 қорғау нұсқамасы шығарылып, оны бұзу бойынша 1 құқық бұзушылық анықталды. Сот шешімімен 6 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қойылып, оларды бұзу деректері тіркелген жоқ. Аталған құқық бұзушылықтардың негізгі себептері – маскүнемдік пен әлеуметтік тәртіптің төмендігі. Осыған байланысты алкогольдік ішімдіктерді қолдану және қоғамдық орындарда мас күйде болу фактілерінің алдын алу, сондай-ақ маскүнемдер мен нашақорларды мәжбүрлі емдеу бағытында жұмыстар жүргізілуде» – деп баяндады.
Ал, аудандық отбасын қолдау орталығының директоры А.Сапарованың мәліметінше 2026 жылдың І тоқсанына отбасын қолдау орталығына 14 әйел жүгінген. Оның 7-не психологиялық (жанұялық кеңес-1, жеке мәселе-6),  5-не заңгерлік (алимент-2, әр түрлі-3), 2-не әлеуметтік (әлеуметтік көмек-1, тұрғын үй-1) қолдау шаралары көрсетілген.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселер бойынша, аудандық мансап орталығының директоры Э.Сармалаева әйелдерді жұмыспен қамту, олардың экономикалық белсенділігін арттыру бағытындағы бағдарламаларға тоқталса, аудандық ауруханасының директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Э.Максим ана мен баланы қолдау, демографиялық көрсеткіштер және халық денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстар туралы мәлімет берді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мұханбетова хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысына талдау жасап, алдағы міндеттерді айқындады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары С.Қайрлиев көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, отбасы құндылықтарын нығайту, әйелдердің құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.
– «Отбасы – қоғамның негізі. Сондықтан әрбір отбасының әл-ауқаты мен тыныштығын қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміздің бірі. Бұл бағытта барлық жауапты мекемелер өзара тығыз байланыста жұмыс жасап, нақты нәтижеге қол жеткізуі тиіс. Әсіресе, профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, халықпен тікелей түсіндіру жұмыстарын арттыру қажет», – деді ол.
Ернәсіл Рысқалиев
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале