9.04.2026, 14:30
Оқылды: 64

Қаратөбе ауданында ауыр атлетикадан Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтті

зілтемір (2)

Қаратөбе ауданында ауыр атлетикадан 2011 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының ашық жеке-командалық чемпионаты жоғары деңгейде өтті.

Чемпионатқа №1 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, Казталов және Бөрлі аудандарынане және Жалпақтал ауылының, сондай-ақ Қаратөбе ауданының құрама және Қызылорда қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командалары қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Қ. Сүйеуғалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Қаратөбе ауданында ауыр атлетика спорты соңғы жылдары айтарлықтай қарқынды дамып келеді. Жаңа спорт залының ашылуы жас спортшыларға өз мүмкіндіктерін толық көрсетуге, шеберліктерін шыңдауға және жарыстарға дайындалуға мол мүмкіндік беріп отыр. Мұндай додалар жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақ чемпиондарды анықтауға, олардың халықаралық деңгейде ел намысын қорғай алуына жол ашады. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, бапкерлер мен ата-аналарға алғысымды білдіремін, - деді аудан әкімі.

Жарыс қорытындысы бойынша Қаратөбе ауданының спортшылары жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, 63 кг салмақ дәрежесінде Альфия Алтай І орынды жеңіп алса, 69 кг салмақта Айкөркем Қайратқызы де І орын иеленді. Ал 65 кг салмақта Бексұлтан Жәңгірханұлы мен 71 кг салмақта Жеңісұлы Алаубек ІІІ орынға тұрақтады.

Р.Абай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале