10.04.2026, 12:00
Оқылды: 23

Қаратөбе ауданындағы сенбілікте 14 гектар аумақ тазартылды

Таза Қазақстан

 Қаратөбе ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында  жаппай сенбілік өтті.

Сенбілік Қаратөбе ауылының облыстық маңызы бар тас жолдың 102 шақырым аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтар төгілетін орынға дейінгі аралықта, Қ.Жұмалиев атындағы саябақта, Шөптікөл ауылының аумағында ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сенбілік өтіп жатырған аймақтарды және орталық саябақты, Қ.Жұмалиев атындағы саябақты, Шөптікөл ауылындағы саябақты, арнайы қоқыс төгетін полигонды аралап шықты.

Сенбілікке мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер, аудан тұрғындары жалпы саны 1278 адам белсенді қатысты. Сенбілікке 21 техника тартылып, 44 тонна қоқыс қалдықтары арнайы орындарға шығарылды. Тазартылған аумақ 14 гектар.

С.Хасанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале