11.04.2026, 15:30
Оқылды: 10

Шыңғырлауда ашық есік күні өтті

Кеше «Amanat» партиясының ғимаратында аудан әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында ашық есік күнін өткізді. Бұл шара – билік пен халық арасындағы ашық диалогты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

image-10-04-26-03-28

Ашық есік күніне келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жауапты мемлекеттік орган өкілдеріне жеткізуге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер азаматтардың өтініштерін жедел қарауға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін күшейтуге ықпал етеді.
Қабылдауға келген тұрғындардың бірі зейнеткер Орынша Ғайсина өз ойын былай жеткізді:
«Бұрын мәселемді жеткізу үшін түрлі мекемелердің табалдырығын тоздыратын едім. Бүгін осында келіп, бірнеше жауапты тұлғамен бір жерде сөйлесіп, нақты жауап алдым. Бұл халыққа үлкен жеңілдік әрі сенім ұялатады», – деді.
Шара барысында аудан прокуроры Ерлан Мұхтаров заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызын:
«Мемлекет басшысы айқындап берген ‘Заң мен тәртіп’ қағидаты қоғам тұрақтылығының негізі. Осындай ашық форматтағы кездесулер құқық бұзушылықтардың алдын алып, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді. Әрбір өтініш заң аясында қаралып, тиісті шешім қабылданады», – деп атап өтті.

image-10-04-26-03-28
Ашық есік күні тек мәселелерді шешу алаңы ғана емес, сонымен қатар халық пен билік арасындағы сенімді арттыратын тиімді құрал. Мұндай шаралар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзінде жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Ал бұл өз кезегінде әділ, ашық және жауапты қоғам қалыптастыруға негіз болады.

Светлана Усалимова
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале