
Италияның Линиано қаласында жастар арасындағы дзюдодан Еуропа кубогі жарысында 81 кг салмақ дәрежесінде Қыдырбай Мырзатай қола жүлдегер атанды!
Аталған додаға әлемнің 28 елінен 595 спортшы қатысты. Оралдық Қадырбай Мырзатай үшін бұл жастар арасындағы алғашқы халықаралық жарысы. Соған қарамастан ол жоғары деңгейдегі күрес көрсетіп, жанкүйерлердің ықыласына бөленді.
Жас спортшымыздың бұл жетістігі үлкен еңбектің, табандылықтың және нағыз жігердің нәтижесі. Алда бұдан да биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз!
Ел намысын абыроймен қорғаған Қыдырбай Мырзатайға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
Түгелбай Бисенов,
"Жайық Пресс"