15.04.2026, 9:00
Оқылды: 33

Жалпақтал ауылында “Таза Қазақстан” экологиялық айлығы аясында жұмыстар жүріп жатыр

image-14-04-26-03-25-1
Жалпақтал ауылында тазалықты сақтау мен қоршаған ортаны қорғау бағытында “Таза Қазақстан” экологиялық айлығы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Наурыз айының соңы мен сәуір айының басында өткен тазалық шаралары тұрғындардың белсенділігін көрсетіп, ауылдың көркеюіне зор үлес қосты.
Атап айтқанда, 20 наурыз күні трасса бойын тазалау жұмыстары жүргізілді. Шараға 20 адам қатысып, нәтижесінде 1 тонна қоқыс шығарылды. Жұмысқа «Нива» автокөлігі тіркемесімен жұмылдырылды.
Ал 27 наурыз күні ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонының айналасы мен ауылға кіреберіс жол тазартылды. Бұл сенбілікке 300-ге жуық адам қатысып, 20 тонна қоқыс жиналды. Жұмыс барысында 2 тиегіш, 1 трактор, 1 «КамАЗ» жүк көлігі және 3 жеңіл автокөлік тіркемесімен пайдаланылды.
Сонымен қатар, 3 сәуір күні ауылішілік 36 көшеде тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл шараға 180 адам атсалысып, 15 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстарына 1 трактор тіркемесімен және 1 жеңіл автокөлік тартылды.
Сенбіліктер тұрғындардың бірлігі мен жауапкершілігін айқындап, ауыл тазалығын сақтауға деген ортақ көзқарасты қалыптастырды. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қоса бермек.
Гүлнұр Бөлешова
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале