14.04.2026, 22:00
Оқылды: 13

Ақ Жайық желаяқтары Алатау арғы баурайында топ жарды

Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында «Bakai Jaz Demi» дәстүрлі халықаралық көктемгі жартылай марафоны мәресіне өтті. Әлемнің 15 елінен 5 мыңнан астам спортшы жиналған айтулы додада батысқазақстандық әуесқой жеңіл атлеттер жоғары дайындықтарын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

113ecb19-61e8-4e75-a11a-afd82d067167

Оралдық «RUN KZ» клубының мүшелері халықаралық деңгейдегі бәсекеде Ақ Жайық өңірінің ғана емес, тұтас Қазақстанның намысын абыроймен қорғап шықты. Жарыс қорытындысында жерлестеріміз үш бірдей жүлдені қоржынға салды.
Атап айтқанда, 10 шақырымдық қашықтықта сынға түскен Руслан Әбішев мәре сызығын алғашқы болып қиып, алтын медаль иеленді. Ал ең күрделі саналатын 21 шақырымдық (жартылай марафон) додада табандылық танытқан Тұрсынай Сұлтанғалиева күміс жүлдені иеленсе, Ақкенже Таубаева 10 шақырымдық бәсекеде үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдегер атанды.

05d2fc90-275f-4b1d-bf37-f37bbc5a86c6
Спортшылардың бұл жетістігі ұзақ уақыт бойғы қажырлы жаттығу мен мықты ерік-жігердің жемісі. Команданың халықаралық биік белестерді бағындыруына жаттықтырушы Архат Исенғалиев бағыт-бағдар беріп, зор үлес қосты.
Мұндай ірі додаларда топ жару елімізде бұқаралық спорттың қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале