20.04.2026, 10:00
Оқылды: 35

Ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді.

_gluster_2026_4_20_73044b56206d38a476ff9e9fa93a8465_1280x720

Кітап апталығының бесінші күнінде кітапханаларда квест-ойындар, вернисаждар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық кездесулер, поэзия кештері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұсынылады.

Атап айтқанда, Алматы қаласында «Айқас» зияткерлік ойыны ұйымдастырылады. Астанада «Кітапханадағы түнгі vibe» бағдарламасын өткізу жоспарланған. Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама ұсынылады. Жамбыл облысында «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылады. Түркістан облысында ақын Асылзат Арыстанбек пен композитор Жанар Болатбекованың қатысуымен поэзия кеші өтеді.

Аталған бағдарлама кітапхана қызметін жандандырып, кітап оқуды насихаттаудың заманауи үлгіле­рін қалыптастыруға бағытталған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале