23.04.2026, 17:45
Оқылды: 11

Жаңақала ауданы: Жаңажолда - жастар көші

Бүгін Орал қаласында “Ауыл - ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі” атты ауылдық округ әкімдерінің І облыстық форумы өтті.
image-23-04-26-04-10
Аталмыш форум барысында Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылдық округіне “Көрікті көш” номинациясы мен 10 000 000 теңге ақшалай сертификат табыс етілді.  Марапатты Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Жаңажол ауылдық округінің әкімі Дәурен Мерешовке ұсынды.  Аталым “Қаладан - ауылға” бағдарламасы бойынша жастарды ауылға тұрақтандыру барысында қарастырылған.  Бұл - бірлік пен татулықтың үлгісін көрсеткен нағыз жетістік! Жоба ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдап, жастарды туған жерге оралуға және ауылда тұрақты еңбек етуге ынталандырады. Жаңажол ауылы осы бағытта белсенділік танытып, көптеген жас мамандарды тарту бойынша үздік нәтижеге қол жеткізді. Қуанышты жаңалық айдархандықтардың мерейін тасытты.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале