Өткен жылы Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай облысымыздың əр түкпірінде түрлі деңгейде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен 2000-нан аса шара ұйымдастырылған. Сондай-ақ Ассамблеяның өткен жылы атқарылған жұмыстары жəне ағымдағы жылға дайындық барысы туралы Достық үйінде өткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім Кеңесінде кеңінен талқыланды. Жиынға облыс əкімі Алтай Көлгінов төрағалық етті.
Алдымен сөз алған өңір басшысы Алтай Сейдірұлы Ассамблеяның өткен жылғы атқарған жұмыстарына тоқталып өтіп, Елбасының ұстанған саясатын дұрыс насихаттап, халықтар достығы мен ұлтаралық татулықты сақтау жолында еңбек етіп жүрген Ассамблея мүшелеріне алғысын жеткізді.
Бұдан кейін "Қоғамдық келісім" мекемесінің "Бірегейлік пен бірлік" атты төртінші реформаны жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарына мониторингті қамтамасыз ету жөніндегі аталмыш мекеме басшысының орынбасары С.Шəуеновтың есебі тыңдалды.
Жиын барысында бұдан бөлек облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйлерінің даму тұжырымдамасы, қоғамдық келісім Кеңесінің жұмыс тобының облыстағы діни ахуалға мониторинг жасау бойынша жұмыстары баяндалып, 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Басқосу соңында Кеңестің қарары қабылданды.
Лəззат Шағатай,
zhaikpress.kz
суретті түсірген Айбатыр Нұраш